Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарға, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» КММ мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарға, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы | 070007, Казақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Тынышпаев көшесі 120. | |
Телефон номері | 8 (7232) 50-24-94 | |
Электрондық пошта мекенжайлары | 22_mektep_oskemen@vko.edu.kz | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме | 16 сағатқа, орыс тілі пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымы. |
Лауазымдық міндеттері |
| |
Жалақы мөлшері мен шарттары | - еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді; | |
3 | Педагог лауазымдарының үлгілік сипаттамаларында бекітілген, үміткер біліктілігіне қойылатын талаптар | - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтілі міндетті емес.
|
Білуге тиіс | 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; 2. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология; 3. психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері; 4. компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 5. педагогикалық этика нормалары; 6. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. | |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 11.08.2025 жылдан 19.08.2025 жылға дейін. |
5 | Қажетті құжаттар тізімі | 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |