2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «№ 22 орта мектебі» КММ есебі
2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «№ 22 орта мектебі» КММ есебі
Жалпы ережелер
1. Көрсетілген қызметті беруші туралы ақпарат.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Тынышпаев көшесі - 120 мекенжайында орналасқан мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жүйелерде білім беру саласында оқытуды жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі » КММ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31 қаңтар 2020 жылғы №39/НҚ (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелді.) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№22 орта мектебі» КММ келесі мемлекеттік қызметтерді тегін көрсетті:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 1 сынып – 69 электрондық нысанда және 12 қағаз түрінде, 10 сынып – 22 қағаз түрінде жасалды;
2. Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта немесе жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау – 3;
3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру – 3;
4. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру – 26;
5. Аз қамтылған отбасы балаларын саяжайда және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру – 50 мектеп жанындағы лагерь, 10 саяжай лагері;
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау – 12;
2.Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мектептің http://22-oskemen.mektebi.kz ресми сайтында барлық мемлекеттік қызметтердің Ережелері мен Стандарттары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын көрсететін қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілер жобаларын көрсететін қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
«№ 22 орта мектебі» КММ әкімшілігі 630 адамды қамтыған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті атқарушыларды ақпараттандыру бойынша 5 түсіндірме іс-шарасын өткізді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1)Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мектепке дейінгі ұйымдарда кезек мәселесін шешу және кезекті қалыптастыру мен пайдалану және жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектерді автоматты түрде бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілген.
Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰДБ) интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер NOBD-ге беріледі. Бұл білім беру ұйымдарының контингенті мен жеке құрамы туралы мәліметтерді толтыру және ұсыну бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін жояды.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап облыста жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптарына қабылдау үшін электронды құжат қабылдау жүйесі жұмыс істейді.
Ата-аналар бұл қызметті электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, www.egov.kz электронды үкімет порталында алады.Өтініштер тәулік бойы қабылданады, сондықтан ата-аналар жұмыста немесе үйде онлайн режимінде мектепке өтініш бере алады. 2024 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында мектепке 81 бала қабылданды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы алты мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі 33 мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді бекіту/өзгерту туралы бұйрықтар жолдады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті атқарушылардың шағымдары туралы мәліметтер.
«№ 22 орта мектебі» КММ-де көрсетілетін қызметті атқарушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен (25.06.2024 ж. №101 редакцияда) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 39-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 521 бұйрығымен ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау іс-шараларының 2024 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес 2024 жылы заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» бағыты бойынша әкімдіктің қызметін бағалаудың жалпы балы 100 мүмкін балдан 90,52 балды құрайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті атқарушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша түсіндіру және ақпараттық іс-шараларды көбейтуді және нормативтік құқықтық базаға тұрақты мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.