«Білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар-практикум » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №22"
отдела образования по городу Усть-Каменогоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (7232) 50-24-94
Бухгалтерия:
+7 (7232) 78-96-51
Версия
для слабовидящих
» » «Білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар-практикум
17
октябрь
2025

«Білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар-практикум

Мектебімізде 15 қазан күні  жалпы білім беретін және орта білім беретін  мектептердің ЖМЦ (жаратылыстану-математика циклы) және ЖҒЦ  (жаратылыстану-ғылыми циклы) еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын жас мамандарының қатысуымен «Білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану және жасанды интеллект»  тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. 

Семинардың мақсаты:

Мұғалімдердің кәсіби даму деңгейін көтеру мақсатында білім сапасын арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістері мен жасанды интеллект платформаларын тиімді пайдалану мүмкіндіктерімен бөлісу

Семинарда оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, салтанатты ашылуы өткізіліп, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жомартова Гульзат Оралбеккызы, мектеп директоры Байжуминова Жанар Сагимбековна сөз сөйлеп,  сәттілік тіледі. 

Семинардың теориялық бөлімінде:

• Мектеп директоры Байжуминова Ж.С. «Использование искусственного интеллекта как инструмент повышения качества образования: возможности, вызовы и перспективы» тақырыбында баяндама жасады.

• Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иванова Наталья Александровна «Активные методы и искусственный интеллект: как педагогу ЕНЦ стать архитектором качественного обучения» тақырыбында баяндама жасады.

• Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбекова Балауса Дуйсенбекқызы «Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ЖМЦ және ЖҒЦ пәндері бойынша білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Практикалық бөлімде:

• Информатика пәнінің мұғалімі Канаева И.А. «Искусственный интеллект — нейропомощник учителя в повышении качества образования» атты шеберлік сабағын ұсынды.

• Биология және география пәндерінің мұғалімдері Ауанбаева А.Е. мен Камалова У.Б. «Биология - география сабақтарында модельдеу әдісін қолданып білім сапасын арттыру» тақырыбында шеберлік-сабақ өткізді.

• Математика пәнінің мұғалімі Жәкежанова С.Е. «Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Аралас сандар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

• География пәнінің мұғалімі Урустимова С.Т. «Жасанды интеллект платформаларын пайдалану тәжірибесі» атты интерактивті практикалық бөлім ұйымдастырды.

Информатика пәнінің мұғалімі Талгатбеккызы І семинар қорытындысы бойынша кері байланыс жасатты. 

Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, білім сапасын арттырудағы белсенді әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллектіні қолдану жолдарын талқылады.