Нашим мамам посвящается... » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №22"
отдела образования по городу Усть-Каменогоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (7232) 50-24-94
Бухгалтерия:
+7 (7232) 78-96-51
Версия
для слабовидящих
19
сентябрь
2021

Нашим мамам посвящается...

«Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар. Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде - Аналар күні мерекесі тойланады. 
Иә, расында анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. «Адамдық негізі - ана» деген еді Мұхтар Әуезов. Елімізде осымен үшінші мәрте тойланып отырған Аналар күні мерекесіне 2-4 сыныптар сурет, 5-6 сыныптар коллаж, 7-8 сыныптар аналарға арнап музыкалық сәлем, 9-11 сыныптар видеоматериал өткізді. Бұл күні әр бала өз анасына гүлдер, қолдан жасалған ашықхаттар ұсынды. Мерекелік шараға қатысқандар өз ойларын ортаға салып, ананың отбасында берер тәрбиесінің рөлі ерекше екендігін атап өтті.