Нурахметова Камила-9 сынып » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
17
февраль
2020

Нурахметова Камила-9 сынып

«Менің әсерім»

Мен  Нұрахметова Камила  9   -«А»  сынып  оқушысымын. Мен  Абай   атамыздың  175 жылдығына  орай   ұйымдастырылған шарадан   керемет  әсер  алдым.   Осы  әсеріммен  бөлісуді   дұрыс  көріп  отырмын. Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, дала тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысып, шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтып  рухани  азық   алдым.

Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстым. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмегі  болды.  Мектебімде   өтіп  жатқан  бұл   шаралардың  тәрбиелік  мәні   өте  зор  деп   ойлаймын.