Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Усанова Кымбат Советхановна » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
17
февраль
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Усанова Кымбат Советхановна

«Менің әсерім»

«Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» - деп президентіміз  Қасым-ЖоНаурыз Кемелұлы айтқандай Абай  жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! 

Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатының  президентіміз   атап  өтті.  Осы   орайда,  біздің  аяулы   мектебіміз де  тыс  қалМамыр   барлық  шараларды   Абай    мұрасын  дәріптеуге  көңіл   бөліп  отыр.  Перезидентіміз  айтпақшы, той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілуде.

Мектебіміздегі 0-топтан 7- сыныптар  аралығындағы  шығармашылық   сайыста  балалар Абай  атасының   өлеңдерін  ерекше  ынтамен   жарыса  жаттап,  қара   сөздерін  көңілдеріне  тоқып, әндерін  шырқап   жатқаны  көңілге ерекше  шаттық   ұялатады.  Ұстаз, оқушы,  ата-ана  деген   үштік  одақ арасында  поэзиялық   эстафеталар Абай  мұрасын  дәріптеуге арналған. 

Қасым-ЖоНаурыз Кемелұлының "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты  мақаласында ең алдымен «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен ба­ғалай­тынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныс­тыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақ­тың қастерлі борышы» - деп атап  көрсеткендей Ұлы ақынның шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту  қастерлі  борышымыз.

Похожие публикации:

17 февраль 2020 План мероприятий