Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
15
Қазан
2019

Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы


«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

атты  бірыңғай сынып сағатын өткізу қорытындысы


Отбасы – болашақ  ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады.

     Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. "Отан - отбасынан басталады", "Отбасы - шағын мемлекет" деген сөздерде бекер айтылмаса керек. 

«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» аттыбірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде 1- 11 сыныптар арасында іс-шаралар өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты:отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.

1-4 сыныптар арасында «Менің отбасым» тақырыбында сурет салды. 

1 сыныптар «Отбасы-барлығының басы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Барлығы 53 оқушы, 5 ата-ана қатысты.

2 сыныптар «Менің қымбатты және сүйіктілерім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Барлығы 67 оқушы қатысты, 4 ата-ана.

3 сыныптар «Отбасы барлығы бірге» тақырыбында тәрбие сағ,атын өткізді, оған 53 оқушы, 4 ата-ана қатысты.

4 сыныптар «Отбасының рухани-адамгершілік тәрбиесі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Барлығы 57 оқушы қатысты.

5 сыныптар «Менің отбасымның тарихы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді, онда 58 оқушы, 6 ата-ана қатысты. 

6, 7, 8 сыныптар «Отбасы-кішкентай ел», «Отбасы ошағының жылуы», «Кітап-із қалдырды»   тақырыбында отбасылық құндылықтары туралы білімдерін тереңдетуге арналған диспут өткізді, оған 180 оқушы қатысып, белсенділік танытты.

9, 10,11 сыныптар «Менің шежірем», «Отбасының рухани құндылықтары»

 «Генеологиялық ағаш» тақырыптарында презентация қорғап, отбасы құндылықтары, рөлі туралы ойларын ортаға салып, шежірелік карталарымен таныстырды. Барлығы 69 оқушы қатысты.

Барлық сынып белсенділік танытып, қатысты. Тәрбие сағаты, сурет салу, диспут, презентация қорғау формалары негінді откізілді. Жалпы өткізілген іс-тәрбие сағаты негізінде  отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді қалыптастырды.