Спорттық-бұқаралық іс-шаралар бойынша педагог-ұйымдастырушы бос лауазымына конкурс » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
29
февраль
2024

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар бойынша педагог-ұйымдастырушы бос лауазымына конкурс

1Білім беру ұйымының атауыШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы070007, Казақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Тынышпаев көшесі 120.
Телефон номері8 (7232) 50-24-94
Электрондық пошта мекенжайларыschool22edu.oskemen@mail. kz
2Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме1 жүктемеге, спорттық-бұқаралық іс-шаралар бойынша педагог-ұйымдастырушы.
Лауазымдық міндеттері
  • білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
  • таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
  • клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
  • ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
  • балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
  • іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Жалақы мөлшері мен шарттары- еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;
3Педагог лауазымдарының үлгілік сипаттамаларында бекітілген, үміткер біліктілігіне қойылатын талаптар- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтілі міндетті емес;

Білуге тиіс
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  2. педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;
  3. педагогикалық этиканың нормалары;
  4. тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі; 
  5. еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
4Құжаттарды қабылдау мерзімі01.03.2024 жылдан 11.03.2024 жылға дейін
5Қажетті құжаттар тізімі1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.