уақытша бос педагог-ұйымдастырушы лауазымына вакансия » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
18
Қараша
2022

уақытша бос педагог-ұйымдастырушы лауазымына вакансия

1Білім беру ұйымының атауыШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы070007, Казақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Тынышпаев көшесі 120.
Телефон номері8 (7232) 50-24-94
Электрондық пошта мекенжайларыschool22edu.oskemen@mail.ru
2Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме1 жүктемеге, білім беру ұйымдарының уақытша бос педагог-ұйымдастырушы лауазымы.
Лауазымдық міндеттері
  1. білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
  2. таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
  3. клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
  4. ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;
  5. қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
  6. білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
  7. балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
  8. іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Жалақы мөлшері мен шарттары- еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;
3Педагог лауазымдарының үлгілік сипаттамаларында бекітілген, үміткер біліктілігіне қойылатын талаптар- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылМамырды;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
4Білуге тиіс
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  2. педагогикалық этиканың нормалары;
  3. педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
  4. балалар ұжымдарын, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек заңнамасы;
5.  еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
5Құжаттарды қабылдау мерзімі21.11.2022 жылдан  29.11.2022 жылға дейін
6Қажетті құжаттар тізімі
  1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бүйрығының (қосымша өзгертулер мен толықтырулар 22.11.2021ж №432) 10-қосымшасына сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бүйрығының (қосымша өзгертулер мен толықтырулар 22.11.2021ж №432) 11-қосымшасына сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.