Орыс тілде білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына вакансия » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Орыс тілде білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына вакансия
18
Тамыз
2023

Орыс тілде білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына вакансия

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» КММ 
орыс тілде білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
1Білім беру ұйымының атауыШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 22 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы070007, Казақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Тынышпаев көшесі 120.
Телефон номері8 (7232) 50-24-94
Электрондық пошта мекенжайларыschool22edu.oskemen@mail. kz
2Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме16 сағатқа, орыс тілінде білім беретін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі лауазымы.
Лауазымдық міндеттері
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  • білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
  • бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
  • оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  • ата-аналарға кеңес береді;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Жалақы мөлшері мен шарттары- еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;
3Педагог лауазымдарының үлгілік сипаттамаларында бекітілген, үміткер біліктілігіне қойылатын талаптар- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтілі міндетті емес;

Білуге тиіс1.    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
2.    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
3.    психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
4.     компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
5.    педагогикалық этика нормалары;
6.    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
4Құжаттарды қабылдау мерзімі21.08.2023 жылдан 30.08.2023 жылға дейін
5Қажетті құжаттар тізімі1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі01.09.2023 жылдан  31.08.2024 жылға дейін