"Адалдық сағаты" акциясы » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
15
Желтоқсан
2020

"Адалдық сағаты" акциясы

 «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты 1-11 сыныптар аралығында өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.

Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.

Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік,  шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз.

Ел жастарына осы туралы  онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.