Тілдер мерекесі » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
05
Қыркүйек
2020

Тілдер мерекесі

          Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы»  2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Осыған орай «№ 22 орта мектебі» КММ-де Тілдер мерекесі атап өтілді. 

4.09.2020  жылы   қазақ тілі  мен әдебиеті әдістемелік   бірлестігі тілдер күніне арналған 10 күндік  жұмыс  жоспарымен танысты.

5.09.2020 күні «zoom» платформасы арқылы  Қазақстан  халқы тілдерінің  күніне   арналған мектепішілік іс-шараның ашылу   салтанаты  өтті. 

7.09.2020 күні  оқу-ісінің меңгерушісі – Амиргазина А.С                       онлайн- режимде  тілдерге   қатысты  нормативті  құжатпен   таныстырды. Төмендегі   құжаттар  таныстырылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы туралы 

2. Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы 1997 жылы  11 шiлдедегі № 151-I 2008.21.11.

3. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы.

8-12.09.2020 күндері  аралығында онлайн-режимде  мектепте   мынадай шаралар  өтті: «Туған  тілім -тірлігім» атты  суреттер   сайысы  5-8 сыныптар арасында,  «Тіл  -   ұлттық  қазына» атты  эсселер   сайысы 9-11  сыныптар  үшін, «Туған тілім – тұмарым»  атты мәнерлеп оқудың видео  сайыстары өткізілді. 11  сынып   оқушылары ұлт көсемі – Байтұрсынұлының өмірі  мен   шыығармашылығы  жайлы  ақпараттық   видеолар  дайындады.

17.09.2020  күні   5-8  сыныптар аралығында  «Ахмет оқулары»  өтті .

26.09.2020 күні  5 қыркүйек - А.Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған   мектепішілік іс - шараны қорытындылау   жүргізілді. 






Похожие публикации:

25 Мамыр 2020 Алтын белгі