«Үштілділік – заман сұранысы, уақыт талабы» атты қалалық форумы » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Средняя школа № 22" отдела образования по городу Усть-Каменогорску коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 50-24-94
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 78-96-51
Нашар
көрушілер нұсқасы
12
Мамыр
2017

«Үштілділік – заман сұранысы, уақыт талабы» атты қалалық форумы

2017 жылы 12 мамыр күні «№ 46 орта мектебі» КММ-сінде «Үштілділік – заман сұранысы, уақыт талабы» атты қалалық Форум өткізілді.
Форумға әртүрлі байқаулар мен олимпиадалар жүлдегерлері, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен олимпиадалар жеңімпаздары, үштілді білім беруді қолданып жүрген жаңашыл мұғалімдер, авторлық бағдарлама иелері қатысты.
Форум қонақтары: Ольга Александровна Булавкина, қала  әкімінің орынбасары, Мәдениет Медеуханқызы Ахметова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы, БАҚ өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мұғалімдер және оқушылар. Форумда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін үш тілде ән айту байқауында көрсетті.
Қала мектептерінің бастауыш және орта буын оқушылары үш тілде жүргізілетін әртүрлі іс-шараларда өз білімдерімен сайысқа түсті.
Жоғары сынып оқушылары функционалдық сауаттылықтары мен тілдік құзыреттіліктерін, сонымен қатар әртүрлі байқауларға қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін осы тілдік Форумда көрсетті.
Пленарлық бөлімінде қалалық білім беру бөлімінің басшысы Мәдениет Медеуханқызы Ахметова форум жұмысының қорытындысы бойынша барлық  қатысушыларды білім бөлімінің грамотасымен марапаттап, сыйлықтар таратты, солардың  ішінде  біздің мектептің 9 А сынып оқушысы Бекболатова  Дильназ және 10 А сынып оқушысы Сабырбекова Балжан.
 
12 мая 2017 года на базе КГУ «Средней школы № 46» прошло городское  мероприятие – Форум  «Трехъязычие – веление эпохи, потребность времени». 
 Участники Форума, победители различных олимпиад, конкурсов, итоговых турниров на лучшее знание казахского, английского и русского языков, учителя – новаторы по внедрению трехъязычного образования, представители авторских программ.
 Гости Форума: заместитель акима города Булавкина Ольга Александровна, руководитель отдела образования Ахметова Мадениет Медеухановна, представители СМИ, руководители организаций  образования города, учителя и учащиеся.
 Воспитанники дошкольных организаций проявили себя в конкурсе на лучшее исполнение песен на трех языках.
 Учащиеся школ города соревновались в умении мыслить, говорить и писать на трех языках. Старшеклассники показали уровень филологической грамотности и языковой компетентности, а также сумели проявить свои творческие способности в разных языковых турах Форума.
 Руководитель отдела образования Ахметова М.М. наградила грамотами отдела образования и вручила подарки участникам по итогам работы форума, в числе которых и ученицы нашей школы Бекболатова Дильназ и Сабырбекова Балжан, занявшие 1 место.